ШҚО-да селден қорғау шаралары жүріп жатыр

Шығыс Қазақстан облысында 5 мәрте профилактикалық оқу-жаттығу шарасы ұйымдастырылып, таудан 2,5 мың текше метр қар түсірілді.

Облыстың таулы аймақтарына қардың мол түсуі салдарынан кей жерлерде қалыңдығы 2 метрге жуықтаған. Әсіресе, «Өскемен- Самара» бағытындағы тасжолда көшкін қаупі жоғары. Осыған орай, аталған жол бөлігінде оқу-жаттығу өткізіліп, автожол уақытша жабылды. Жол тазалайтындар қауіпті аумақтағы жолдарды қардан аршып үлгерді.

Облыс бойынша осындай 18 селден қорғау шарасы өтіп, 15 мың текше метр қар түсірілді.

Омар Дүзгінбаев, «ҚАЗСЕЛДЕНҚОРҒАНУ» ММ ШҚО филиалының басшысы:

– Облыс көлемінде 497 қар көшкіні түсетін ошақтар бар. Оның 336-ы қауіпті. «Өскемен-Самара» бағыты бойынша бес қар көшкінінің алдын алу жұмыстапрын жүргіздік. Қардың қалыңдығы 40см-ден 120 см дейін. Бүгінгі күні қар көшкінің қаупі жоқ деп есептейміз.