«7-20-25» бағдарламасы аясында несие беруге 82 661 өтінім қабылданды

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«2021 жылғы 23 желтоқсандағы жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 1,04 трлн теңге несие алуға 82 661 өтінім қабылданды. Оның ішінде 594,5 млрд теңгеге 47 200 несие мақұлданды.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ + 7 (727) 227-20-25 нөміріне тәулік бойы хабарласуға болады.

Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз» делінген хабарламада.