Елдегі сыбайлас жемқорлықтың 83 процентін ер адамдар жасайды екен

Сот шешімдерінің дені Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары мен Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында шығарылған, деп хабарлайды Хабар 24.

Сарапшылар соңғы үш жылдағы 1,5 мыңнан аса сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істі саралаған. Нәтижесінде сот актілері банкінде сақталған деректердің 11-іне Қылмыстық кодекстің сыбайлас жемқорлық бабы бойынша жаза қолданылғаны анықталды.