Жандарбек Бекшин қызметінен кетеді

Алматының бас санитар дәрігері және Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин  қызметімен қошатспақ, деп хабарлайды Хабар 24.

Зейнетке шығуына байланысты 5 қаңтарда орнын босатады. Жандарбек Бекшин Алматының бас санитар дәрігері қызметіне 2020 жылдың сәуірінде тағайындалды. 2019 жылдың маусым айынан бері Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары – бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметін атқарды.