434,34 494,00 5,52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елордада Ақшақар мен Аяз аталар велошеруі өтеді

  • 148
  • UPD: 21:18, 24.12.2021
Елордада Ақшақар мен Аяз аталар велошеруі өтеді inform.kz

26 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында орталық саябақ аумағында, Амфитеатр ғимараты маңайында жаңа жыл алдындағы кезекті Ақшақар мен Аяз аталар велошеруі өтеді, деп хабарлайды Хабар 24 Қазақстан велосипед спорты федерациясына сілтеме жасап.

Ол күні 13:30-да тұрғындар өз қалауымен Ақшақар мен Аяз ата костюмін киіп, жаңа жыл алдындағы кезекті велошеруге қатысады. «Velo Lady Astana» қоғамдық бірлестігі VeloTop Astana велоклубымен бірге, Қазақстан велосипед спорты федерациясының қолдауымен қала тұрғындары мен елорда қонақтарын жаңа жыл қарсаңындағы басты оқиғаға шақырады. Онда түрлі мамандықтар мен жас санатындағы жүздеген адам Ақшақар мен Аяз атаның костюмін киіп, велосипед тебеді. Велошеру аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған трициклдегі веложарыс, жарыс қатысушыларына арналған флешмоб, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы өтеді. Велошерудің негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды спортпен айналысуға шақыру, қоршаған ортамен байланысты қайта орнату, қоғаммен бірігу үшін керекті жағдайлар жасау, қоғамдық пайдалы шараға қатысып, денсаулықты қалпына келтіру.

 

 

Хабар 24 телеарнасы