Оралда карантин шаралары күшейтіледі

Оралда шектеулер шаралар енгізу керек. Санитарлық қадағалау саласының мамандары осылай дейді.

Бұған өткен мерекеден кейін вирус жұқтырғандардың күрт артуы себеп. Аймақтың бас санитар дәрігері жаңа жылдық кештерді өткізуден бас тарту жөнінде ұсыныс айтқан. Бірақ мейрамхана иелері бұл бастаманы қолдамаған. Керісінше 200-300 адам жинап, мерекелік іс-шара өткізетін тойханалар көбейді. Сол себепті өңірде бақылаушылар тобының жұмысы ширай түспек. Қазір өңір «жасыл аймақта». Дегенмен, күн сайын кемінде бес адам вирус жұқтырады. Вакциналау қарқыны да мәз емес. Сол себепті облыста желтоқсанның 27-інен бастап жаңа шектеулер енгізіледі.

Мұхамғали Арыспаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:    

- Ковид19 бойынша эпиджағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында келесі мәселелерді қарастырып, хаттамалық шешім алуды сұраймын. Меншігіне қарамастан барлық ұйымдарда вакцина алмаған жұмыскерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеуді ұсынамын. Екінші сауда ойын-сауық үйлері, сауда орталықтары, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлеріне және келушілеріне тек жасыл мәртебесі бар адамдар ғана кіруін қамтамасыз ету керек.

Сондай-ақ...