Қызылорда облысында әлеуметтік нысан құрылысы қарқындады

Қызылорда облысындағы Жалағаш ауданында көп балалы 30 отбасыға баспана беріледі.

Құрылыс аяқталып, үй дайын тұр. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 277 миллион теңге толқы игерілді. Енді аудан орталығына ауыз су жеткізетін бас су тарату кешенінің құрылысы басталады. Жалағаштың өз басында зәулім спорт кешені салынып жатыр. Ал 400 орындық оқушылар үйі мен өнер мектебіне арнап жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды. Таяуда ашылады.

Лаура Әлібай, Жалағаш аудандық оқушылар үйінің педагог психологы:

- Бұрынғы ғимарат өте ескі, ыза, салқын, қараңғы болатын. Қазіргі беріліп отырған мына ғимарат өте жарық, еңсесі биік, жылы. Бұл жерде кабинеттер өте ыңғайлы. Бұрын болмаған екі арнайы бейнелеу өнері және тігін шеберханасы кабинеттері жабдықталып, қолданысқа берілмек.