Алматы облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Алматы облысының солтүстік-шығысында күн райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Таңғы сағат 09:30 бастап Үшарал-Достық автожолының 83 және 184-шақырымы аралығындағы учаске уақытша жабылды.