ҚР Президентінің Телерадиокешені биыл 40-тан астам деректі фильм түсірді

Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені биылғы жылды қай жағынан болмасын табысты аяқтап жатыр. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды Хабар 24.

«Бұл жетістіктердің басында телерадиокешеннің білікті басшысы Раушан Қажыбаева ханым тұр. Кілең кәсіби деңгейі жоғары өз ісінің майталман мамандарды жиналған ұжымның жұмысына алдағы уақытта да сәттілік тілеймін!», – деді Берік Уәли.

Президент Телерадиокешені 2021 жылы әлеуметтік желілерінде 464 бейнеролик жариялады.

Олардың ішінде:

- Мемлекет басшысының қызметі туралы 290 бейнеролик;

- ҚР Президентінің Instagram-дағы аккаунтында 18 бейнеролик жарыққа шықты;

- Мемлекет басшысының қызметінің қорытындысы бойынша жыл басынан бері апта сайынғы 104 бейнеролик дайындалды;

- Президенттің мемлекеттік/ ресми/ жұмыс сапарларынан 39 бейнешолу.

Мемлекет басшысының аймақтарға және шетелдерге жасаған сапарлары, тапсырмалары мен Қазақстан халқына арналған Жолдау аясында 40-тан астам деректі және қысқаметражды фильм түсірілді.