БҚО-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық жол жабылды

Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдағы нашар көру) 25.12.2021 ж. сағат 20.05-тен бастап (Нұр-Сұлтан уақытымен) «Орал-Тасқала-РФ шек.» автожолының 4-104 шақырымында, атап айтқанда, Орал қаласы мен РФ шекарасы аралығындағы учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл туралы БҚО ТЖ департаменті хабарлады.

Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес берілді.

ТЖ департаменті оқыс жағдай болғанда 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласуды сұрайды.