Ақтөбеде тағы бір ауылға газ тартылды

Ақтөбенің Әйтеке би ауданы Белқопа ауылына газ берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белқопа – биыл газ құбыры тартылып, қолданысқа берілген 15-інші ауыл. Бұған дейін Алға ауданының Еркін күш ауылына көгілдір отын кіргізілді. «Осы жылдардың ішінде еліміз түрлі қиындықтарға тап болып, оны Тұңғыш Президенттің сарабдал саясатының, халықтың еңбекқорлығы мен бірлігінің арқасында еңсере алды. Нәтижесінде бүгінде ондаған жылдар бойы күн тәртібінде тұрған әлеуметтік сұрақтар шешіліп жатыр. Соның ішінде, Ақтөбе облысында биыл ауылдарды газдандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде және ол жарын да жалғасатын болады»,- деді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин. Белқопа ауылын газбен қамтуға бюджеттен 56 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Тоқсан үй мен төрт әлеуметтік нысан көгілдір отынмен қамтылады