Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан төрт адам қайтыс болды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша өткен тәулікте 56 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған.

Сондай-ақ 311 адам аталмыш дерттен сауығып шықты. 2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмониясынан жазылғандар саны 84007 адамға жетті. 5211 адам қайтыс болған.