435,20 494,00 5,55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мәскеу, Минск, Баку: Талдықорған дәрігерлері онлайн трансляция арқылы ота жасады

  • 67
  • UPD: 10:01, 26.12.2021
Мәскеу, Минск, Баку: Талдықорған дәрігерлері онлайн трансляция арқылы ота жасады inform.kz

Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханада халықаралық деңгейде алғаш рет шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Көпсалалы ауруханада медицина ғылымдарының кандидаты Данияр Жақыповтың қатысуымен лапароскопиялық гистерэктомия, промонтофиксация, консервативті миомэктомия операциясы жасалды. Операция жасау сәті біріктірілген операциялық бөлмеде Мәскеу, Минск, Баку қалаларындағы дәрігерлердің онлайн қатысуымен өтті. Сонымен қатар «OR1 FEST» эндохирургиялық онлайн және офлайн конгресі аясында ұйымдастырылған халықаралық мастер-класс Ақтау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған, Мәскеу, Минск, Баку қалаларында өтті. Операция OR1 біріктірілген операциялық бөлмеде тікелей эфирде трансляцияланды. «Операция кезінде хирургтар, гинекологтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, біріктірілген операциялық бөлмелерде жұмыс істеудің мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы айтты. Бұндай тәжірибе дәрігерлердің біліктілігін арттырып, хирургтар мен гинекологтардың жаңа деңгейде ота жасауына мүмкіндік береді, – деді Талдықорған қалалық көпсалалы аурухананың директоры Жұмахан Молдакулов. Аурухананың операция бөлмелері барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған.

Естеріңізге сала кетсек, «OR1 FEST» эндохирургиялық онлайн және офлайн конгресі Ақтау қаласындағы облыстық перинаталдық орталығында OR1 біріктірілген операциялық жүйесінің ашылғанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы