Алматы облысында ауылдың күре жолына ту тұғыр орнатылды

Туы биік елдің тұғыры биік. Алматы облысының Іле ауданында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ту тұғыры орнатылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Тұғыр қойылған Өтеген батыр ауылының жанынан күре жол өтеді. Осыған байланысты осы маңнан жолаушылар тоқтап, тынығатын аллея салу жоспарланып отыр. Алматы облысына қарасты Іле ауданының өзінде ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай 250-ге жуық шара өткен. Соның 40-тан астамы желтоқсан айында ұйымдастырылды . Соладың бірі – ту тұғырын орнату. Оның биіктігі 40 метр, ені 5, ұзындығы 10 метр

Бағдат Қарасаев Іле ауданының әкімі:

– Былтырдан бері жоспарланған іс-шара. Сол бүгін іске асты. Осы ауданымызда алаңда аумағы екі гектар жерге ту көтеретін алаңын жасадық. Бұл жоспарымыздың бірінші кезеңі. Ендігі жылы осы алаңды абаттандырамыз. Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау, оны қастерлеу әрбір азаматтың парызы. Жас ұрпаққа отансүйгіш қасиетті осылай дарыта беруіміз керек.

Шараға арнайы келген меймандар да осылай дейді.

Ардақ Назаров Қазақстанның еңбек сіңірген спортшысы:

– Бүгінгі тудың көкке көтерілгені Өтеген батыр ауылындағы жастарға, болашақ ұрпаққа үлкен рух сыйлайды. Өйткені мемлекет мемлекет болып тұрған кезде байрақ желбіреп тұрады. Сондықтан жастарымыздың рхын көтеру үшін осылай әрбір өңірде, әрбір жерде қазақтың көк байрағы желбіреп тұры керек.

Келесі жылы құрылыс жұмыстары жалғасады. Ту тұғырының маңына ағаш егіліп, гүлзар жасалады.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Мұхит Құдықбаев