434,34 494,00 5,52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Экспресс-эстафета: Елорда әкімі атынан балаларға сыйлық жолданды

  • 112
  • UPD: 15:29, 26.12.2021
Экспресс-эстафета: Елорда әкімі атынан балаларға сыйлық жолданды елорда әкімдігі сайты

Қазақстан Президенті мен елорда әкімінің атынан барлығы 800 астаналық бала жаңа жылдық сыйлықтар алды, деп хабарлайды Хабар 24. Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жаса

Шара «Жаңа жылдық сапар» экспресс-эстафетасы деп аталады. Эстафета бүгін басталып, салтанатты ашылуын дәстүр бойынша Аяз Ата мен Ақшақар, еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығын бейнелейтін ертегі кейіпкерлері мен 30 ағайынды аяз бейнесіндегі кейіпкерлер болды. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, ерекше білім алу қажеттілігі бар, мүгедектігі бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылық пен қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар Нұр-Сұлтан әкімінің атынан киім сатып алуға 50 мың теңгеге сертификат, тәттілер, үстел ойынын және құттықтау хаты түріндегі жаңа жылдық сыйлықтар алды. Жаңа жылдық сыйлықтарды Аяз Ата мен Ақшақар жеткізді. Оны жеткізу қала бойынша «Жаңа жылдық рейс» түрінде өтті.

Айта кету керек, іс-шара барлық санитарлық нормалар мен карантиндік шектеулерді сақтай отырып өтті. 

Хабар 24 телеарнасы