Елордада Аяз аталар мен Ақшақарлар велошеру өткізді

Елордада Аяз аталар мен Ақшақарлардың велошеруі өтті. Салауатты өмір салты мен таза экологияны насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шара дәстүрге айналған.

Шараға 50-ге жуық қала тұрғыны қатысты. Олардың арасында мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Шеруге арнайы үш дөңгелекті велосипед алынған. Демеушілер мен ұйымдастырушылар жол жайы реттелер болса, мұндай көлікпен жыл бойы саяхаттауға болатынын айтады.

Ернат Құралбеков, велошеруге қатысушы:

- Осындай шерулерге жиірек қатысуға тырысамын. Велошеру для людей с ограничными возможностями дейді. Негізінде көп адам денсаулыққа пайдалы нәрселерді дамыта берсе, жастарымыз да, мемлекетіміз де өркендеуіне сенемін.