Алматыда синтетикалық есірткі өндіргендер сотталды  

Алматыда синтетикалық есірткі өндіргендер ұсталды. Мефедрон өндірісін ұйымдастырды деп күдікке алынған 24 жастағы Исламов пен 25 жастағы Епифановтың кінәсі толық дәлелденді, деп хабарлайды Хабар 24.

Қала тұрғындары бұрын есірткіні бір реттік дозаға бөліп, оларды байланыссыз түрде сату арқылы ақша табуға тырысқан. Полицияның назарына түспеу мақсатында қылмыскерлер, заңсыз тауарды бөліп-орау үшін тәулікке пәтер жалдап келген. Кейіннен олар қолға түсу ықтималдылығын азайтып, кірісті көбейту үшін мефедрон өндірісіне көшкен. Қажетті химиялық заттар мен жабдықтар әкеліп, саяжай үйін жалға алған. Әр қадамын бақылап жүрген полиция қызметкерлері күдіктілерді есірткінің бірінші партиясын өндіру кезінде ұстады.

Айыпталушылар 10 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сотталғандар жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтейді.