Мас күйде көлік жүргізген әйелдердің үстінен іс қозғалды

Атырауда көлікті мас күйінде басқаратындар саны артып барады, деп хабарлайды Хабар 24.

Тіпті жүргізуші куәлігінен айырылғандар да екінші мәрте ұсталыпты. Бейнебақылау камерасы арқылы Toyota Camry маркалы автокөлігін тізгіндеген әйелдің көлік ішінде ішімдік ішіп отырғаны тәртіп сақшыларының назарына іліккен. Көлікті мас күйінде жүргізгенін байқаған полицейлер заңды белшеден басқан жүргізушіні дереу ұстаған. 32 жастағы әйелдің бұған дейін де мас күйде көлік тізгіндеп, жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

Сонымен қатар Досмұхамедов көшесінің бойындағы азық-түлік дүкенінің маңынан ішімдік ішіп ұсталған 1980 жылы туған әйелдің де бұрын соңды мас күйінде  көлік жүргізгені үшін сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Қазір екі азаматшаға қатысты, іс қозғалып, екі автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ...