Үкімет отырысында қандай мәселелер қаралады

28 желтоқсанда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде: Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай; Құрылыс саласын дамыту мәселелері; Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарының жобасы. БАҚ өкілдерін аккредитациялау 27 желтоқсан күнгі сағат 16:00-ге дейін жалғасады. Хатқа жеке куәлік, вакциналау паспортын немесе ПТР-тестілеудің 72 сағаттан аспаған теріс нәтижесін тіркеу қажет.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.