Жыл басынан бері 300 сотталушы адам саудасы үшін айыпталған

Бұл туралы бүгін бас прокуратурада адам саудасына қарсы күрес және қылмыстық процесті жаңғырту мәселелеріне арналған Үйлестіру кеңесінде айтылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Отырыста құлдықтан құтылған жандарға кешенді көмек көрсету жағдайы талқыланды.

Атап айтқанда оларға медициналық, әлеуметтік және құқықтық қызмет көрсетілуі тиіс. Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетов осылай деді.Себебі құлдыққа түскен адам талай қиындықтарға тап болады. Президенттің тапсырмасымен адам саудасына қатысты қылмыстарға жаза қатаңдатылды. Жәбірленушілер үшін бір жолғы өтемақы қарастырылған, ал шетелдік құрбандар үшін елде болу мерзімін ұзарту мүмкіндігі енгізілді. Отырыста сондай-ақ қылмыстық процестің үш буынды моделінің келесі кезеңіне өтудің жолдары қаралды. Мұндай модель прокурорларға аса ауыр қылмыстар бойынша айыптау актілерін жасау құқығын береді.