Шымкенттегі 95 үй апатты жағдайда

Өңірдегі бұл тұрғын үйлер жер бедерінің көшкінге бейім аймақтарына тұрғызылған, деп хабарлайды Хабар 24.

Апат айтып келмейді. Егер табиғи апат бола қалса, 388 адамның өміріне қауіп төнеді. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар бұл аумақты қоршауға алып, жұртты мейлінше сақ болуға шақырды. Жауаптылар жаңа жыл басында кешенді жоспарға сәйкес жергілікті атқарушы билікпен осы мәселеге қатысты бірлескен отырыс өтетінін айтады. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру мәселесі осы жиында талқыланбақ.

Марат Өсербаев, «Қазселденқорғау» ММ бөлімше басшысы:

– Сырғыма қауіпті аймақтардың жерін анықтап алғанбыз. Ол жерге өзінің заңды жұмыстары бойынша метрмен қада қадаймыз. Қай уақытта, қанша уақытта, қалай сырғып жатыр? Осының нәтижесінде қатты қозғалып жатқан кезде тұрғындарға бірінші кезекте ескертеміз. Одан кейін жергілікті әкімдікке хабар береміз. Ал былай айтсақ, жылына 6 см сырғып жатыр.