434,34 496,10 5,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Өскеменде 2024 жылға дейін бес мектеп салынбақ

  • 84
  • UPD: 09:47, 28.12.2021
Өскеменде 2024 жылға дейін бес мектеп салынбақ inform.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағында 1000 жаңа мектеп салу туралы тапсырмасына сәйкес Өскеменде бірнеше жаңа білім ордасының құрылысы жүргізіледі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 2023-2024 жылдары 4080 орындық бес мектеп салу жоспарланған. «Атап айтқанда, 19 ықшам ауданда екі мектеп салынады. Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп және 1000 орындық орта мектеп. Сондай-ақ «Нұрлы жол» ауданында 600 орындық, «Жекпе-жек» сарайының маңында 1000 орындық, 28 шағын ауданда 600 орындық білім ордасы бой көтереді», – делінген әкімдік ақпаратында.

Биыл Өскеменде 1350 орындық жеті балабақша пайдалануға берілген. Сонымен қатар Құрылыс колледжі мен Көпсалалы технологиялық колледж студенттеріне арналып екі жатақхана салынып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы