Байқоңырдан OneWeb байланыс жүйесінің 36 аппараты ұшырылды

Байқоңыр ғарыш айлағынан Фрегат үдемелі блогы мен британдық OneWeb байланыс жүйесінің 36 ғарыш аппараты бар «Союз-2.1б» зымыран-тасығышы ұшырылды.

Зымыранның көкке көтерілу сәті Роскосмостың тікелей эфирі арқылы көрсетілді. Зымыран штаттық режимде ұшырылды.

Айта кетейік, OneWeb төмен орбиталды ғарыш аппараттары жер бетіндегі тұтынушыларды тікелей спутник байланысы арқылы, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуге арналған. Бүгінге дейін орбитаға 300-ге жуық ғарыш аппараты шығарылды. Жалпы компания 500-ден астам спутникті Жер айналасындағы орбитаға шығарып, оларды коммерциялық мақсатта пайдалануды көздейді.