435,10 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Оралда көк статустылардың нысандарға кіруіне шектеу қойылады

  • 62
  • UPD: 14:15, 28.12.2021
Оралда көк статустылардың нысандарға кіруіне шектеу қойылады

Батыс Қазақстан облысындағы Сауда және ойын-сауық нысандары мен халыққа қызмет көрсету орталықтарына жұмыс күндері тек жасыл мәртебесі бар келушілермен қызметкерлер ғана кіре алады.

Вакцина алмаған мамандар қашықтан жұмыс істеу форматына көшеді. Облыстың Бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шығып, күшіне енді. Бұрын мұндай шектеу тек сенбі-жексенбі күндері қолданылатын. Ал тұрақты медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдар емдеу орындарынан берілген анықтаманы көрсетуі тиіс. Сондай-ақ соңғы үш айда COVID-19 індетінен ауырып жазылған адамдарға да шектеу жоқ.

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Екінші мәселенің бірі жұмыс берушілер өздерінің жұмысқа келген мысалы жұмысшылары немесе келген келушілердің барлығын да міндетті түрде толық медициналық вакцинациядан өткен азаматтар немесе соңғы 7 күн бойы ПТР сынамасы бар азаматтарды кіргізу қажет болып есептеледі.

Хабар 24 телеарнасы