Ақпараттық қауіпсіздік үшін жауапкершілікті арттыру керек

Еліміздің кибершабуылдарға қарсы қорғанысы күшейіп келеді. Әлемдік көрсеткіште 5 жыл бұрын 118-орында тұрса, былтыр 40, ал, биыл 31-орынға жайғасты.

Бірақ интернет-алаяқтардың да айласы жетіліп жатыр. Сондықтан алдымен ақпараттық қауіпсіздік саласында жауапкершілікті көтеру керек. Бұл туралы Мәжілісте «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасын талқылауда айтылды. Яғни салғырттық танытқандарға салынатын айыппұл мөлшері аз. Мысалы, жыл басынан бері 56 жоспардан тыс тексеріс өтіп, 30 лауазымды және 5 заңды тұлға жауапқа тартылды. Барлығының арқалаған айыппұлы 2 млн 800 мың теңге. Цифрлық даму вице-министрі Асхат Оразбек енді осы соманы көтеру туралы ұсыныс білдіреміз деп отыр.