Түркістан облысында алкоголь өнімдерін дайындаған азамат ұсталды

Түркістан облысында алкоголь өнімдерін қолдан жасаған цех анықталды.

Жедел іздестіру шаралары барысында Қаржы мониторингінің аумақтық департамент қызметкерлері  жасанды таңбаланған ішімдіктерді әшкереледі. Құркелес ауылының тұрғыны антисанитариялық жағдайда танымал алкоголь өнімдерін қолдан дайындаған. Тінту барысында ішімдік толған 2600-ден астам құтымен құрамында спирті бар 200 литр сұйықтық, сондай-ақ алкоголь өнімдерін құюға және дайындауға арналған заттаңбалар, қақпақтар және басқа да заттар тәркіленді.