Отшашудан сақ болыңыз!

Алматыда Жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде өрт оқиғалары жиі тіркеледі. Олардың 30 проценті пиротехника өнімдерін дұрыс пайдаланбау салдарынан болады.

Бүгін Төтенше жағдайлар департаментінің инспекторлары қала базарларында рейд өткізді. Жалпы өнімді сатуға арналған сертификаты болмаса, сатушы 80 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Ержан Құрманбаев, Медеу аудандық ТЖБ басшысы:

– Қала тұрғындарына отшашуды қолдану жөнінде жадынамаларды тараттық. Бұйымды алар алдында нұсқаулықты оқып оның жарамдылық мерзіміне назар аудару қажет. Қауіпсіздік ережелерін естен шығармаған жөн. Балалардың отшашуды өз бетімен қолдануына жол бермеу керек.

Сондай-ақ...