Қыс мезгілінде қар басып қалатын аймақтарға арнайы техника берілді

Павлодарға Төтенше жағдайлар минстрлігінің Мемлекеттік резерв комитетінен бөлінген арнайы техникалары жеткізілді.

Салмағы 25 тонналық тіркемені сүйрейтін трактор бар. Техногенді және 600 орындық палаткалар мен төсек жабдықтар да осында. Техникалық парк тамақ әзірлейтін көшпелі үш асханамен де толықты. Ауыр техникалар қыс мезгілінде қар басып қалатын аймақтар – Екібастұзға қарасты Шідерті кенті және облыс орталығынан шалғайда жатқан Ертіс ауданына жіберіледі.