Қарағандыда лауазымды қызметкерлер жауапқа тартылды

Қарағандыда екі бірдей лауазымды қызметкер жауапқа тартылды.

«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі басшысының орынбасары өз атына жеке кәсіп ашып, мемлекеттік сатып алуға қатысқан. Мәселен, Теміртаудағы мәдениет сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жауыртаудағы кездесу» фестивалін өткізу үшін бюджеттен 3,9 миллион теңге алған. Ал екінші адам – Қазыбек би аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы. Ол түрлі ұйым мен органдарға тауар жеткізумен айналысқан. Ауданаралық әкімшілік соты мемлекеттік қызметкердің екеуін де кінәлі деп танып, әрқайсына 408 мың теңге айыппұл салды. Дегенмен екеуі де қызметінде қалды. Бірақ кәсіптерін жабуға тура келді.

Ердос Әбдірахманов, Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі:

– Семинар кеңес өткізіп беру немесе шығармашылық кештерді ұйымдастыру сияқты, сценарий жазады, ол жерде әр-түрлі материалдар таратылуы мүмкін, сондай қызмет көрсетілген. Екінші жағдайда белгілі бір тауарды өзіне жүктеп алған, тендерді ойнатқан мекемеге әкеліп беремін деп.