Талдықорғанда тұтынушылар мен жылу мекемесі арасында дау туды

Талдықорғанда тұтынушы мен жылу мекемесі арасында дау туды. Қала тұрғындарының бірі «Талдықорғанжылусервис» коммуналдық кәсіпорнын «артық ақша төлетті» деп айыптады. Енді бірі «мекеме мемлекеттік баж салығын жиі төлетеді» деп отыр. 

Біз қазір Рақышев көшесінің бойындағы «Талдықорғанжылусервис» мекемесінің төлем қабылдау бөлімшесіне келіп тұрмыз. Міне, маңдайшасындағы жазуының қандай жағдайда екенін көріп тұрсыздар. Ішіне кіріп көрдік. Ішінде бейнебақылау қондырғылары да, күзетшісі де жоқ.

Өткен сенбіде осы бөлімшеге келіп, тұтынылған жылу үшін төлем жасаған талдықорғандық Айгүл Байбосынова келіспеушіліктің мынадай жағдайдан кейін туындағанын айтып берді.

Айгүл Байбосынова, қала тұрғыны:

– Сұраған ақшаны төлейін деп жатыр едім. Ол кісі маған «аварийканы төлейсіз бе жылдың соңына дейін? Иә, жылдың соңы аяқталып қалды ғой, бәрін алсаңыздар болады дедім. Содан кейін ол кісі есептеп келді де, 9700 деді. Бір 5 мыңдық, үш 2 мыңдықтардан бердім. Ол кісі маған 1300 теңге қайтарды сол жерде. Үйге барып қарасам, төлем қағазында мен төлеген сумманы жазбаған, 7270 деп тұр. Бірақ ол кісі жаңағы аварийканы қостым деп, 9700-ді жазбаған мына жерге.

Айгүл Байбосынова сол күні түстен кейін келіп, есіктің жабық тұрғанын көріп, үйіне кеткен. Арада 2-3 күн өтіп кеткен соң артық төлем жасағанын дәлелдей алмай жүр. Ал коммуналдық кәсіпорынның кассирі мен заңгері «мұнда ондай әркетке жол берілуі мүмкін емес», – деп отыр.

Бізде артық ақша тұрса, мына жердегі аға кассиріміз жазып алады, оны санап алады. Ондай бізде болған жоқ.

Әлия Бейсембаева, заңгер:

– Бізде кассада «излишка» болған жағдайдың өзінде ол ақша бөлек тұрады. Ондай жағдай болмайды. Бәрі «копейка в копейку» шығады. 10 теңге, 20 теңге артық болғанның өзінде кассирлер тексереді. Кассадан кетпей бәрін тексеру керек. Квитанциясын тексеру керек, сдачасын тексеруі керек.

Артық төлем жасағанын дәлелдей алмаған Айгүл Байбосынова «Бөлімшеге бейнебақылау камералары орнатылса, мұндай жағдай болмас еді. Тағы бір айта кетерлігі, «Талдықорғанжылусервис» қызметкерлері тұтынушылармен сөйлесу әдебін білмейді», – дейді. Өзге де тұрғындар аталған кәсіпорынды «мемлекеттік баж салығын жиі төлетеді » деп айыптады.

Айгүл Байбосынова, қала тұрғыны:

– Түсінбестік нәрсе сұрайын десеңіз, кішкене адамға былай, қалай айтсам болады? Дұрыс жауап бермейді. Дөрекі сөйлейді, иә, солай. СКЛ. Әр адамның тілін тауып, дұрыс жауап беруі керек. Он сұрақ қойса, он сұраққа да сабырлы түрде, мәдениетті тұрғыда адамға жауап беруі керек.

Рәзихан Биғалиқызы, қала тұрғыны:

– Осындай бір извещениелер келе береді, келе береді. Мында келіп нетсем, «они как то отвечают грубо». Мен бәрін жамандамаймын, бәріне тіл тигізгім келмейді. Енді 1-2 әйел бар сондай. Мынау көп «расход». Анаған бір, мынаған бір, мынаған бір, анаған бір. Аварийканы алады, сливті алады, ай сайын осы.

Коммуналдық кәсіпорын өкілінің мына уәжінен ұққанымыз – жұмыс беруші үшін өз қызметкерлерінің қауіпсіздігі аса маңызды емес сияқты. «Істі насырға шаптырып, сотқа жеткізбеу үшін тұтынушылар төлемді уақытылы жасауы керек», – дейді ол.

Әлия Бейсембаева, заңгер:

– Оны әр мекеме өзі біледі деп ойлаймын камера қояды ма, қоймайды ма? «В целях своей безопасности» қояды. Дұрыс айтып тұрмын ғой?! Ал бізде адамдар, «потребительдер», олар айлап-жылдап төлемейді. «Например», 6 ай, 1 жыл төлемесе, онда біз сотқа жүгінеміз. Сотқа жүгінгенде «любой» неге госпошлина төленеді.

Түсірілім аяқталысымен аталған мекеменің заңгері сыртқа шығып, маңдайшадағы жазудың жақында ауыстырылатынын айтты. Ал кассирлердің дөрекі сөйлескені үшін өздеріне шағым айтып келген тұтынушыдан ауызша кешірім сұрады.

Ардақ Айбарұлы, Жеңіс Әбдірешев, Айгүл Ғазизуллина