Мемлекет басшысы қостанайлық жеткіншекке алғыс хат жолдады

 

Төрт баланы өрттен құтқарған қостанайлық жеткіншек Олег Пирогқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғыс хат жолдады.

Мемлекет басшысы «жас бола тұра, сен нағыз батылдық пен ерліктің үлгісін көрсеттің, ойланбастан көмекке келдің, үлкен қайғы-қасіретке жол бермедің, – деп өзінің тілек-лебізін білдірген. Президенттің алғыс хатын облыс әкімі Архимед Мұхамбетов табыс етті. Демалыс күні 5-сынып оқушысы Олег Пирог басын қатерге тігіп, жанып жатқан үйден төрт баланы алып шыққан. Осы ерлігі үшін ол Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды. Ал анасы Валентина Пирогқа төтенше жағдайлар министрлігнің алғыс хаты табысталды. Жеткіншектің отбасына жергілікті зауытта құрастырылған автокөлік сыйға тартылды.

Олег Пирог, оқушы:

– Біздің үйде үш машина тұр. Бірақ бәрі ескі, жүрмейтін көліктер. Кейде әкем екеуміз олардың қосалқы бөлшектерін алып кәдеге жаратамыз. Жаңа көлік сатып алу бүкіл отбасымыздың арманы болатын. Сондықтан бұл сыйлық біз үшін аса бағалы.