Газ жарылысынан зардап шеккен отбасы баспаналы болды

Ақмола облысының Шортанды ауданында газ баллоны жарылысынан зардап шеккен отбасының бірі баспаналы болды.

Елордада орналасқан су жаңа пәтердің сертификатын облыс имамы табыстады. «Науан Хазірет» мешіті халықтан 1 жарым ай жылу жинаған. 14 млн теңгенің басым бөлігі үй алуға жұмсалса, 4 млн теңгесі өрттен зардап шеккен тағы бір отбасы мүшелерінің ем-домына берілді. Шортандыда болған апаттан 4 отбасы зардап шеккен еді. Үшеуіне әкімдіктен үй берілетін болды. Ал, мемлекеттік көмектен тыс қалған отбасын ел осылай далада қалдырмады.

Қуаныш Сәбит, облыстың бас имамы:

– Біз баспана әперуді ұйғарған отбасы оларға Үкімет тарапынан ешқандай көмек берілмейді. Неге? Өйткені, олар сол өрт болған үйге қонаққа келген отбасы және сол оттың зардабынан отбасының ата-анасы қайтыс болды. Балалар жетім қалды. Сондықтан, сол жетім балаларды ескеру мақсатында келешекте олар ер жетеді, оқуы бар, өсуі бар дегендей.