Қостанай облысында ірі инвестициялық жоба жүзеге асты

Елді мекендерді көгілдір отынмен қамту бойынша Қостанай облысында тағы бір ірі инвестициялық жоба жүзеге асты. Жітіқара қаласының шығыс бөлігіндегі шет аудандар толықтай табиғи газға қосылды. Бұл жұмысты «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы жарты жылдың ішінде атқарып шықты. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орайластырылған жаңа газ тарату желісінің ашылуы салтанатты жағдайда өтті.

Жаңа газ желісінің іске қосылуымен Жітіқараның 4 мың тұрғыны өркениет игілігіне қол жеткізіп отыр. Олардың қуанышын әбден түсінуге болады.

Серік Қалиев, Жітіқара қаласының тұрғыны

– Халықтың енді көптен күткені ғой. Он шақты жыл болды осыны күткенімізге. 063959 Бұрын енді о баста тезек жаққан халықпыз ғой.Тезек жағып, одан мынау тас көмірге өтіп, онда бір қуаныш болып еді. Енді мынау шаңы жоқ, несі жоқ таза көгілдір отын келіп, қуанышымызда шек жоқ. Осы бәріне рахмет.

Жітіқараның бұл аумағындағы 1 мың 69 жер үй, 26 өндірістік, әлеуметтік нысандар көгілдір отын желісіне қосылады. Ал аудан бойынша тұрғын үйлерді газбен қамту көрсеткіші 85 процентке жетті.

Галина Комлева, Жітіқара қаласының тұрғыны:

– Алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Енді көмір, ағаш дайындап әуреге түспейміз. Өз басым от жағып, күл шығару азабынан құтылғаныма ризамын.

«ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы Қостанай облысында 2021-25 жылдар аралығнда үш инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Оның жалпы құны 3,5 млрд теңге.

Скендір Қайыбжанов, «Қазтрансгаз аймақ» АҚ Қостанай өндірістік филиалының директоры:

– Оның ішіндегі ең ірісі осы Жітіқара газ желісі. Бұған 1 миллиард 400 миллион теңге жүмсалды. Келер жылы Бейімбет Майлин ауданындағы Тобыл кентіне және Алтынсарин ауданындағы Большой Чураков елді мекеніне көгілдір отын жеткізу мақсаты тұр.

Қазіргі кезде облыс тұрғындарының 58 проценті табиғи газбен қамтылған. Елді мекендерді көгілдір отынмен қамтасыз ету бағытында өңірде 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқандығын ескерсек, бүл көрсеткіш жақын арада өсе түсетіні сөзсіз.

Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг