434,34 494,00 5,52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда жаңа қоғамдық кеңістік ашылды

  • 73
  • UPD: 10:40, 29.12.2021
Алматыда жаңа қоғамдық кеңістік ашылды inform.kz

Алматыда қараусыз қалған алаңқайларда ойын және спорт алаңдары жабдықталып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа қоғамдық кеңістік Әуезов ауданындағы «Алтын бесік» ықшам ауданында ашылды. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде қоғамдық кеңістіктің абаттандырылуымен танысып, аралап көрді.

Айту керек, бұрындары аумағы 9 мың шаршы метр болатын алаң қараусыз қалған еді. Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша алаң тазартылып, тренажерлер, теннис үстелдері, воркаут-аймағы бар спорт алаңы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, футбол және баскетбол, скейт алаңдары, балалардың ойын аймағы қарастырылған. Жарықтандырылып, бейнебақылау орнатылған.

Еске салсақ, бұдан бұрын осы ықшам ауданының Әнет баба көшесінде абаттандырылған кеңістік ашылып, онда жатақхана салу жоспарланған болатын. Қазір мұнда футбол және баскетбол алаңдары, жүгіру жолдары бар спорт алаңы, балаларға арналған ойын алаңы, воркаут-аймақ және скейт-алаң салынды. Аумақ абаттандырылып, жарықтандырылды, урналар мен орындықтар қойылды, бұталар мен ағаштар отырғызылды.
Жақын жерге 120 орынды балабақша салынады. Учаскенің бір бөлігі саябақ аумағы ретінде абаттандырылып, кіші сәулет пішіндері қойылып, гүлзарлар жасалды.

Хабар 24 телеарнасы