Өскеменде 30 мұз айдыны ашылды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Өскеменде 30 мұз айдыны ашылды.

Биыл шығыста қар аз жауғандықтан коньки тебетін айдын құюға коммуналдық мекемелер арнайы техника бөлді. Сырғанақ алаңдары саябақтар мен шағын аудандарда ашылды. Конькиге келетіндер үшін басты мәселе қауіпсіздік. Мұз айдындары алдын ала тексеруден өтті. Халықтың жаппай серуендеуіне арналған алаңға алғашқы күні мыңдаған адам жиналды. Мұз айдындары далада болғандықтан ешқандай санитарлық шектеу жоқ.

Арсен Тен, облыстық сәулет-этнографиялық қорық мұражайының директоры:

- Осы жолы қалада ашылған сырғанақ алаңдарын тұнық су құйып қатырдық. Бұрын қардың үстіне су құйып мұзға айналдыратын едік. Тек су құйып қатырылған мұз айдындары өте сапалы шықты. Оған қоса сырғанақтардың санын да көбейттік.