435,20 494,00 5,55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Еліміздегі ересек адамдардың 80% жуығы иммундау науқанынан толық өткен

  • 74
  • UPD: 07:49, 30.12.2021
Еліміздегі ересек адамдардың 80% жуығы иммундау науқанынан толық өткен

Қазақстанда бүгінге дейін коронавирусқа қары вакцинаның I компонентін 9 миллионға жуық адам, ал II дозасын 8 жарым миллионға жуық азамат салдырды, деп хабарлайды Хабар 24.

Яғни, еліміздегі ересек адамдардың 80% жуығы иммундау науқанынан толық өтті.

Қараша айының ортасынан елде 12 жастан асқан жасөспірімдер, бала емізетін және жүкті әйелдерді вакциналау басталды. Қазірдің өзінде бұл санатқа жататын 315 мыңдай адам Pfizer препаратының 1-дозасын салып үлгерді.

Жалпы, елде коронавирусқа қарсы вакциналау бірқалыпты жүріп жатыр. Десе де, ел үкіметі осы жылғы қыркүйектің соңына дейін 10 млн адам вакцина алуы тиіс деп жоспарлаған болатын. Егер бұл меже орындалғанда, екпе алуға қабілетті халықтың 100% қамтылар еді.

Қазақстан Үкіметі СOVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитетті нығайту үшін тағы жоспар қабылдады. Ендігі міндет - жаппай ревакциналау жұмыстарын күшейту. Күні бүгінге дейін 450 мың адам қайта егілген. Ал 2022 жылдың I жарты жылдығында 9 млн адам қайта вакциналаудан өтуі қажет. Бұл шара екпені толық алғаннан кейін 6 ай асқан азаматтарға қатысты.

Вакциналау науқаны

Салдырды:

I компонент - 8 965 031 адам

II компонент - 8 488 453 адам

Ересек адамдар – 80%

Pfizer препараты

I компонент - 314 611 адам

Ревакциналау науқаны

Қайта егілді – 450 000 адам

2022 жылдың I жартысы

Екпе салдырады – 9 млн адам

Хабар 24 телеарнасы