Қазына қаражатынан 59 млн теңге ұрлағандар ұсталды

Павлодар қаласындағы «Сарыарқа» тұрғын үй кешенінің сыртқы желілерін тарту және ауланы абаттандыру кезінде, сондай-ақ Ленинский елді мекеніндегі денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы барысында бюджеттен бөлінген қаржының жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Ахметов 2016-2017 жылдары бірнеше жауапкершілігі шектеулі серіктестікті сатып алып, оны өзгелердің атына тіркеп қойған. Сол кәсіпорындар арқылы мемлекеттік сатып алуларға қатысқан. Ахметов, Бекеев, Құлтуманов, Сағынаев және Ғаббасовпен алдын ала сөз байласу арқылы іс жүзінде аяқталмаған жұмыс актілеріне қол қойған. Салдарынан мемлекетке 59 миллион теңге шығын келді. Сот үкімімен Ахметов 8 жылға сотталды. Ал Бекеев, Құлтуманов, Сағынаев және Ғаббасовтың бас бостандығы 2 жылдан 3 жылға шектелді.