Семей жолдарын жөндеуге биыл үш млрд теңге бөлінген

Алдағы жылы қала жолдарына 50 оң жақ бұрылыс жасалады, деп хабарлайды Хабар 24 Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметовтің мәлім етті.

Биыл Семей жолдарын жөндеуге 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Соның нәтижесінде 30 көшеге асфальт төселіп, 47 көшеге грейдерлеу жүргізілді. 106 көшеге және жергілікті маңыздағы жолдарға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілген. «2022 жылы қаланың 228 көшесі жөндеуден өтпек. Оның ішінде жалпы ұзындығы 62,7 шақырымды құрайтын 88 көшеге ағымдағы жөндеу, 38 көшеге грейдерлеу жүргізіледі. Бұдан бөлек, жолдарға 50 оң бұрылыс жасалады. Бұл мақсатта 400 млн теңге жұмылдырылмақ», - деді Бақытжан Байахметов.