Қарағандыда жедел медициналық қызмет көрсететін қосалқы станция ашылды

Қарағандыда жедел медициналық жәрдем көрсететін қосалқы станциясының құрылысы аяқталды. Ол Майқұдық ауылының тұрғындарына қызмет көрсетпек.

Жаңа қосалқы станцияның ауданы 1300 шаршы метрден асады. Негізгі ғимаратта диспетчерлік бөлме, қызметкерлердің демалыс бөлмелері орналасқан, сондай-ақ жедел жәрдем машиналарын жөндеуге арналған ангар мен гараждар бар.

Жаңа ғимаратта 146 адам, 11 бригада жұмыс істейді. Олар жылына 25-тен 50 мыңға дейін қоңырау қабылдай алады. «Бүгін бізде қуанышты оқиға. Біз жаңа қосалқы станция ғимаратына көштік. Бұған дейін ол Гвардейская көшесіндегі ескі ғимаратта болған. Қосалқы станция типтік, барлық стандарттарға сәйкес келеді. Қызметкерлер үшін барлық жағдай жасалған. Жайлы демалыс бөлмелері, автожуу, жөндеу цехтары, ұсақ жөндеуге арналған жабдықтар бар», – дейді облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының басшысы. Сондай-ақ облыс әкімдігі қосалқы станцияға пациенттерді тасымалдау үшін төрт автомобиль сыйға тартты

Айта кету керек, болашақта Пришахтинск және Сұрыптау тұрғындарына қызмет көрсететін тағы бір қосалқы станциясының құрылысы аяқталуы жақын.