Экологтар: Ақтаудың ауасы таза

Ақтауда ауа құрамы таза. Экологтар шағын аудандарды аралап, ауадан сынамалар алды. Нәтижесінде ағзаға қауіп төндіретін зиянды заттар анықталған жоқ. Күні кеше бірнеше ауданда жанар-жағармай иісі шыққанын тұрғындар әлеуметтік желілерге жарыса жазды. Мамандардың айтуынша, кей күндері қала іргесіндегі өндірістік аймақта зауыттардың мұржасынан ащы түтін таралады. Алайда нақты қай кәсіпорыннан шығатыны әзірге белгісіз.

Қуаныш Исмаилов, қала тұрғыны:

- Кей жерлерде бензинге ұқсас ащы иіс сезіледі. Әсіресе соңғы екі аптада жағымсыз иістер тым жиі шығады. Жанармай станциясы өртеніп жатқан болар деп ойладым. Бүгін біршама таза болып тұр.  

Сағадат Хансейітов, облыстық экология департаменті басшысының орынбасары

- 17-шағын ауданнан, 25-шағын ауданнан және өндірістік аймақтан сынама алу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сынамалар нәтижесі бойынша нормадан асу немесе ауытқу деректері анықталған жоқ. Департамент мамандары алдағы уақытта да бақылау жұмыстарын жүргізетін болады. Рейдтік жұмыстарды жалғастыратын боламыз.