Елордада «құрақ көрпе» стиліндегі экошырша пайда болды

Ақмешіт көшесінің қасындағы Нұржол желекжолында Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және АҚШ тұрғындарымен толықтай байланысқан экошырша пайда болды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жасыл түсті экошырша толығымен қолмен байланған. Оны құруға 300-ге жуық адам қатысты, олар соңғы бірнеше күнде тоқуды үйренді. Айтпақшы, жобаны халықаралық деп атауға болады.

Қазақстандықтардан бөлек оған Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және тіпті АҚШ тұрғындары да қатысты.

Тоқылған сұлулықтың биіктігі логотиппен бірге 7 метр. Ол 170 мыңға жуық ілмектен тұрады. Шыршаны тоқушылар оның өзіне және ойыншықтар жасау үшін 400-ден астам иірілген жіпті қолданды.