434,58 496,10 5,74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

2021 жылы жер мәселесіне нүкте қойылды

  • 80
  • UPD: 13:57, 31.12.2021
2021 жылы жер мәселесіне нүкте қойылды

Қазақстандағы жер ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды.

Халықты көптен бері алаңдатқан жер мәселесіне биыл нүкте қойылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны заңмен бекітті. Енді шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауылшаруашылық жерлері сатылмайды, жалға да берілмейді. Еліміздің жер көлемі 2,7 млн шаршы шақырым. Осы алып аумақтың 37 проценті ауылшаруашылық жерлері. Оған егістік, жайылым мен шабындық алқаптың бәрі кіреді. Ұлы даланың 5,5 проценті орманды алқап. Өзен мен көл және тоғандарды қоса алғанда 56 мың су көзі бар. Қалған аймақ тау, далалық, шөл және шөлейтті жерлер.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕР КӨЛЕМІ

Жалпы ауданы - 2,7 млн км²

Ауылшаруашылық жерлері - 37%

Орман алқабы - 5,5%

Қалған аумақ - тау, далалық, шөл және шөлейтті жерлер

Өзен мен көлдер – 56 000

Хабар 24 телеарнасы