Павлодарда дүкендерге мұқтаж жандар қажет затын тегін алатын жәшік қойылды

Павлодарда мұқтаж жандарды қолдауға бағытталған әлеуметтік жоба жүзеге асып жатыр. Облыс орталығындағы ірі азық-түлік дүкендеріне арнайы жәшіктер қойылған.

Қарапайым қала тұрғындары, дүкен иелері, кәсіпкерлер күнделікті тұтынатын тауарларды сатып алып, жәшікке салады. Жоба басталған алғашқы күннен жәшіктер сүт, айран, ұн, нан, күріш, макарон, қант, күнбағыс майы сынды азық-түлік түрлеріне толды. Ұйымдастырушылар гигиеналық тазалық заттарды да салуға болатынын айтады.

Айта кетейік, бұл Жаңа жыл қарсаңында жүзеге асып жатқан бір реттік шара емес. Аймақтың кәсіпкерлік басқармасы жобаға қатысуға ниет білдіргендердің қарасы көп деп отыр. Ал тегін азық-түлікті алып жатқандардың дені зейнеткерлер.

Әсия Ибатова, қала тұрғыны:

- Өркендерің өсе берсін. Рахмет акцияларыңа, бола берсін. Мол бақыт. Келе жатқан Жаңа жылдарың құтты болсын. Мен енді мына бәрін алып алдым. Рахмет қанттарыңа, кефир ішемін.