«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 300 сәби дүниеге келді

Қазақстанда жаңа туған сәби саны жыл сайын артып келеді. Былтыр елімізде дүниеге келген балалар саны 427 мыңнан асса, биыл бұл көрсеткіш шамамен 17 мыңға көп.

Яғни жыл басынан бері 444 мыңнан аса сәби өмірге келді. Олардың басым бөлігі Түркістан облысында. Содан кейінгі орында Алматы облысы мен Алматы қаласы және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары тұр. Айтпақшы, «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша биыл 300 бала дүние есігін ашты. Оның 160-ы қыз, қалған 140-ы ұл бала. 

БАЛА ТУУ КӨРСЕТКІШІ

30.12.2021

2020 жыл - 427 264

2021 жыл - 444 100

Түркістан облысы - 63 420

Алматы облысы  - 49 626

Алматы қаласы - 47 429

Шымкент қаласы - 34 321

Нұр-Сұлтан қаласы - 31 634

 

АҢСАҒАН СӘБИ

2021 жыл - 300 бала

160 -  қыз

140 - ұл