Оралда бұрынғы әйелін қатыгездікпен өлтірген адам 15 жылға сотталды

Орал қаласында өзінің бұрынғы әйелін аса қатыгездікпен өлтірген Бауыржан Хайруллин 15 жылға сотталды.

Естеріңізге сала кетейік, ол осы жылдың сәуір айында бір жыл бұрын айырылысып кеткен Айнагүл Хайруллинаға 30 мәрте пышақ жарақатын салған еді. Қанды оқиға куәгерлердің көз алдында болған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенімен есін жимастан көз жұмды. Марқұмның артында екі баласы қалды. Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың, алынған бейнежазбалармен және оқиға болған жерді қарау, алу, сараптама қорытындыларымен дәлелденді. Сот барлық мән-жайды ескере келіп, Хайруллинге ҚК 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ең жоғары қауіпсіз мекемесінде өтейді. Сотталушыдан жәбірленуші тарапқа 15 миллион теңге моральдік залал өндірілуі тиіс. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бақыт Ермаханов, облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

- Сотталушы Хайруллин өз қылмысын аса қатты ашу-ызамен және барлық әс-әрекеті арқылы жәбірленушіні ерекше азаптап жатқанын анық сезіне отырып қасақана жасаған. Яғни Хайруллиннің пиғылы аса қатыгездікпен әдейі өлтіруге бағытталды. Сотталушы өз қылмысын жасаған кезде аффект жағдайында болмаған.

Сондай-ақ...