Хромтауда ірі қаралардың қандай ауруға шалдыққаны белгілі болды

Малдардан алынған сынамалардан жұқпалы ринотрахеит анықталған, деп хабарлайды Хабар 24.

Мұны елордадағы республикалық зертхана қортындысы көрсетіп отыр. Бұған дейін ауданның Қопа және Тамды ауылдарында ірі қараның белгісіз ауруға шалдыққаны айтылған еді. Сиырлардан мол сілекей бөліну және кейбірінің жүрмей қалуы байқалған. Облыстық ветеринария басқармасы өкілдерінің айтуынша, бүгінде 14 бас зеңгі баба тұқымының ауруға шалдыққаны анық. Енді таяу күндері округ әкімінің шешімімен ірі қараның қозғалысына тыйым салынбақ. Сондай-ақ екпе жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, мал арасында мұндай ауру түрі бұған дейін өңірдің Алға ауданында да анықталған болатын.

Айгүл Бусурманова, Қопа ауылдық округінің әкімі:

– Екі үйден анықталып тұр. Бізде мал дәрігері бар. Өзіне тиісті іс-шараларды осы мал ауруына байланысты дәрілерін беріп жатыр. Дезинфекциялық жұмыстар жасалып жатыр. Бақылауда барлығы.