Оралдық балғындар жаңа жылда сыйлыққа кенелді

Оралда эпид-ахуалға байланысты, мектептерде жаңажылдық ертеңгілік болған жоқ. Бірақ оқушылар сыйлықсыз емес, деп хабарлайды Хабар 24.

Аниматорлар көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары мен мүгедек жеткіншектерді үй-үйді аралап жүріп, арнайы барып құттықтады. Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге ән шырқап, би билеп, мәз мейрам. Мерекелік акция аясында 24 оқушыға Президент сыйлығы тапсырылды. Тағы 300-ге жуық балаға әкімдік тарапынан тәттіге толы, қораптар үлестірілді.

Нұргүл Жақсығұлова, көп балалы ана

– Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, қыздарыма сыйлық таратып, қуантып жатыр. Көп-көп алғысымызды айтамыз. Хорға қатысады қыздарым, үйірмелері бар. Қатысып отырмыз, баскетбол болып жатыр. Спортқа да, қолөнерге де, бәріне қатысамыз.

Ақжарқын Темірханова, қалалық білім беру бөлімінің басшысы:

– Үлкен шаралар балалардың қауіпсіздігін сақтау үшін өтпей жатыр. Тек қана балабақшаларда әрбір топта өзінің жеке балаларымен өткізілуде. Бірақ соған қарамастан, балалар жаңа жылды асыға күтеді. Аяз атаны күтеді, сыйлықты күтеді. Сондықтан осы бүгін акция ұйымдастырдық.