Тұран жолбарысын қайта түлету жоспарымызда бар – Мемлекет басшысы

Президент биылығы жылдың ерекше мәніне де тоқталды, деп хабарлайды Хабар 2.

«Қазақтың жыл қайыру дәстүрі бойынша 2022 жыл – Барыс жылы. Асқар шыңды мекендейтін тау тағысын халқымыз киелі санаған. Қожа Ахмет Иассауи кесенесіндегі және Тәуелсіздік монументіндегі барыс бейнесі – соның көрінісі. Бүгінде қанатты барыс жаңа Қазақстанның символына айналды. Тұран жолбарысын қайта түлету жоспарымызда бар. Бұл да келесі жылмен сәйкес келетін маңызды міндет», – деп атап өтті Мемлкет басшысы.

Жалпы елде мысық тұқымдастарға жататын ең ірі аң – қар барысы. Адам аяғы жетпес қия шыңды мекендейді. Ал барыс жылы халық түсінігінде жайлы саналады.