Елордада Жаңа жыл түнінде 16 сәби дүниеге келді

Жаңа жылда бас қалада 16 сәби өмір есігін ашты, деп хабарлайды Хабар 24.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, желтоқсанның 31-інен қаңтардың 1-іне қараған түні елордада 16 нәресте дүние есігін ашты. «Жаңа жылдың бірінші күні көпбейінді қалалық ауруханалардың акушерлік блоктарында 6 қыз және 10 ұл бала туды», – делінген басқарма хабарламасында.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, орта есеппен бір тәулік ішінде 80-90 бала дүниеге келеді деп күтіледі екен. Сонымен бірге жаңа жылда Нұр-Сұлтанның 125 жедел жәрдем бригадасы кезекшілік атқарып, 355 фельдшер мен жүргізуші шақыртуларға шыққан. Оның ішінде алғашқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарының бригадалары да бар.

Еске салсақ, 2030 жылға қарай халықтың 27,4%, ал 2050 жылға қарай 36% астамы республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тұратын болады.