Коронавирус жұқтырған 206 адамның жағдайы ауыр

 2021 жылғы 1 қаңтардағы ақпарат бойынша коронавирус жұқтырған 206 адамның жағдайы ауыр.

Денсаулық сақтау министрлігінен келіп түскен ақпарат бойынша 16 470 адам коронавирус инфекциясынан (–14 525+ және 1 945 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 119 пациент стационарда, 14 351 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 206 адамның жағдайы ауыр, 72 пациенттің жағдайы өте ауыр, 48 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.